«Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа үлгісі - жемқорлықты азайтудың кепілі»

Қосылған: 26 қазан 2016 11:42, Жаңартылған: 31 қазан 2016 12:48

2016 жылдың 21 қазанында ҚР ЭМ атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен өткізілген «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа үлгісі - жемқорлықты азайтудың кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге мемлекеттік қызметті көрсететін басқа мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басшыларымен бірге қатысты.

Аталған іс-шара 2015 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді.

Дөңгелек үстелде келесі сұрақтар көтерілді:

Мелекеттік қызметті көрсету сапасын арттыру;
Үкіметтік емес секторда мемлекетті қызмет көрсету;
Медициналық қызметтер (стандарттары және сапа кепілі);
Канада тәжірибесі негізінде мемлекеттік қызметті бағалау жүйесі.

Сонымен қатар, Астана қаласының жергілікті атқару органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жасырын түрлерін айқындау жөніндегі жұмы қорытындысы.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша барлық қызмет көрсетушілерге  мемлекеттік қызметтерді процессін жақсарту, жасырын мемлекеттік қызметтерді айқындау бағытында жұмыс атқару, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету жемқорлықтың азаюына, уақыт және қаражаттық шығынның азаюына алып келетіндіктен, мемлекеттік қызметтерді электронды көрсету жүйесін таныту ұсынылды.

 

Департамент басшысының орынбасары            

 Алиакпаров Д.Ж.