Энергия кәсіпорындарының 2017-2018 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңін өткізуге дайындығы бойынша баспасөз-релизі

Қосылған: 19 маусым 2017 10:34, Жаңартылған: 19 маусым 2017 10:37

Тұтастай алғанда, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен  қатар штаттық режимде жұмыс істейді.

 

2017-2018 жж. күзгі-қысқы маусымда елдің тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтау үшін Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің 2017 жылға бекітілген кестесіне (бұдан әрі - Кесте) сәйкес 12 энергия блогына, 61 энергетикалық қазанға және 49 турбинаға күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеулер жүргізу көзделген. Ағымдағы жылғы маусым айының ортасындағы жағдай бойынша Кестеге сәйкес 1 энергия блогында (жылдық көлемнің 8%), 6 қазанда (жылдық көлемнің 9%) және  8 турбинада (жылдық көлемнің 16%) жұмыстар аяқталды. Жөндеудің әртүрлі кезеңінде 3 энергия блогында, 24 қазанда және 14 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар негізінен Кестеге сәйкес жүргізілуде.

 

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2017-2018 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін жалпы ұзындығы 25 567,9 км электр беру желілерін, сондай-ақ – 6 323  қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылғы маусым айының ортасындағы жағдай бойынша 4 369,6 км электр беру желілері жөнделді, бұл жыл жоспарының 17% құрайды. Жөндеу жұмыстары тұтастай алғанда белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.

 

Комитетпен орталық және жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп ағымдағы жылғы 21 маусымда 2017-2018 жж. жылу беру мерзіміне дайындық кезінде энергия кәсіпорындарындағы жөндеу жұмыстарының жүру барысы туралы салалық аймақтық жиналыс өткізілу жоспарлануда.