"Қазақмыс Энерджи"ЖШС 2016-2017жж. күзгі-қысқы кезең өту барысы және 2017-2018жж. жылыту маусымына дайындық барысы туралы Пресс-релизі

Қосылған: 03 мамыр 2017 19:36, Жаңартылған: 24 мамыр 2017 16:07

2017 жылдың 03 мамырында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі Департаментінде 2016-2017жж. күзгі-қысқы кезеңін өту және 2017-2018жж. жылу беру маусымына "Қазақмыс Энерджи" ЖШС дайындық барысы қаралды. Кеңеске Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеттің өкілдері қатысты.

Өткен жылдың күзгі-қысқы кезеңінде "Қазақмыс Энерджи" ЖШС Балқаш ЖЭО № 8 (1 рет), № 9 (2 рет), қазанында авариялық жөндеу байқалды, бұл ретте технологиялық бұзушылықтар есебінде 1, 2 дәрежелі істен шығуы жоқ деп көрсетілген.

"Қазақмыс Энерджи" ЖШС Жезқазған ЖЭО бойынша 2016-2017 жж. жылу беру маусымында № 4 қазан 6 рет авариялық жөндеуде болғані, бұл ретте 2016 жылы оған күрделі жөндеу жұмыстары жасалынған. Ұқсас жағдай № 10 (4 есе), 6 (5 рет) қазандар бойынша болған. 2016-2017жж. күзгі-қысқы кезең бойынша Жезқазған ЖЭО технологиялық бұзушылықтар саны 8% - ға артқан, 97 жағдай. Ағымдағы жылдың 1 наурызында осы ЖЭО № 11-ші, ағымдығы жылдың 10-сәуірінде. № 7 турбинасында күрделі жөндеу басталмаған.

"Қазақмыс Энерджи" ЖШС Қарағанды ГРЭС ағымдығы жылдың 10 сәуірінде № 5 турбинада күрделі жөндеу жұмыстары басталмаған.

Кеңес қорытындысы бойынша "Қазақмыс Энерджи" ЖШС 2016-2017жж. күзгі-қысқы кезеңнен өтуін ескере отырып жөндеу жұмыстарының кестесін талдауды қарастыру және технологиялық бұзушылықтар бойынша сенімді деректер қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап және жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру ұсынылды.