Энергия кәсіпорындарының 2017-2018 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңін өткізуге дайындығы бойынша баспасөз-релизі

Қосылған: 18 мамыр 2017 17:45, Жаңартылған: 18 мамыр 2017 17:45

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №29-р өкімін орындау барысында 2017-2018 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге энергия кәсіпорындарының дайындығы бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен  қатар штаттық режимде жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың басынан бері (а.ж. 18 мамырда) Республикада 39,5 млрд. кВтс немесе өткен жылғы деңгейден 10%-ға көп электр энергиясы өндірілді және 37,9 млрд. кВтс немесе өткен жылғы деңгейден 8%-ға көп электр энергиясы тұтынылды.

2017-2018 жж. күзгі-қысқы маусымында елдің тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтау үшін Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің 2017 жылға бекітілген кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес 12 энергия блогына, 61 қазандықтар және 49 турбиналарға күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеулер жүргізу көзделген. Ағымдағы жылдың 18 мамырдағы кестеге сәйкес 1 энергия блогында (8% жылдық көлемнен), 3 қазандықта (5% жылдық көлемнен) және 4 турбинада (8% жылдық көлемнен) жұмыстар аяқталды. Жөндеудің әртүрлі кезеңінде 3 энергия блогында, 21 қазандықтарда және 12 турбиналарда жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге ағымдағы жылғы 20 ақпаннан бастап  «Атырау ЖЭО» АҚ № 8 турбинада күрделі жөндеу, ағымдағы жылғы 2 ақпаннан бастап «Жамбыл ГРЭС-і» АҚ № 2 энергоблокта кеңейтілген ағымдағы жөндеу және ағымдағы жылғы 17 сәуірден бастап № 3 энергоблокта кеңейтілген ағымдағы жөндеу, ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап «Kazakhmys Energy» ЖШС Жезқазған ЖЭО № 11 қазанға күрделі жөндеу және ағымдағы жылғы 10 сәуірден бастап № 7 турбинаға күрделі жөндеу, ағымдағы жылғы 25 сәуірден  бастап «Алюминий Казахстана» АҚ 1-ЖЭО № 2 қазанға күрделі жөндеу, ағымдағы жылғы 20 сәуірден бастап «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ Құмкөл ГТЭС № 3 ГТҚ-да  күрделі жөндеу басталған жоқ.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 17 сәуірден бастап «Алюминий Казахстана» АҚ 1-ЖЭО № 4 қазанда кеңейтілген ағымдағы жөндеу аяқталған жоқ.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2017-2018 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін жалпы ұзындығы 25 357 км электр беру желілерін, сондай-ақ – 6 962  қосалқы станцияларын жөндеу жоспарланған. 2017 жылғы 18 мамырда 2 168 км электр беру желілері жөнделді, ол есеп беру кезеңі жоспарының 94% құрайды, немесе жылдық жоспарға 9%. Жөндеу жұмыстары тұтастай алғанда белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Су тасқыны жағдайына  байланысты «Солтүстік-Қазақстан АЭК» АҚ-да жоспарланған жөндеу жұмыстарына бекітілген кестеден кешігіп кірісті. Сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станциялардың күрделі жөндеу мерзімдері ұлғайтылды (айлық жоспардың 50% орындалған).

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі өңірлердің әкімдіктеріне энергия өндіруші ұйымдардағы жөндеу жұмыстарының уақытылы бастау қажеттігі бойынша тиісті хаттар жіберді.

Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп ағымдағы жылғы 18 мамырда 2017-2018 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық мәселесі бойынша Республикалық салалық селекторлық кеңес өткізді. Жиналыс қорытындысы бойынша облыс, Астана, Алматы ққ., энергетикалық кәсіпорындардың басшыларына көктемгі су тасқыны кезеңінде және найзағай маусымында тұтынушыларды тұрақты энергиямен қамтамасыз ету және алынған отын үшін қолдағы берешекті өтеу бойынша қосымша шараларды қабылдау ұсынылды.

Сонымен қатар, барлық энергия кәсіпорындарына алдағы күзгі-қысқы кезеңіне әлеуметтік мазут үшін өтінімі пысықталу қажет. Сондай-ақ, энергия кәсіп орындарының басшыларына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау, мониторинг және уақытылы болжау, көктемгі су тасқыны кезеңінде және найзағай маусымында төтенше жағдайлардың алдын алуын қамтамасыз ету тапсырылды.