«Осалдықты бағалау әдіснамасы» оқу курсы

Қосылған: 10 ақпан 2017 17:02, Жаңартылған: 19 мамыр 2017 08:04

2017 жылғы 6-10 ақпанда Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті  «URS Federal Services, Inc.» компаниясымен бірлесе отырып Астана қаласында осалдықты бағалау әдіснамасы бойынша оқу курсын ұйымдастырды және өткізді.

Оқытуға Қазақстанның атом саласы кәсіпорындары мен ұйымдарының мамандары, сондай-ақ ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Қазақстанның ядролық объектілерін күзетуге жауапты өкілдері қатысты. Оқу курсының мақсаты осалдықты ағалау әдіснамасымен таныстыру және оны пайдалану, потенциалды қауіпті бағалау бойынша құжатты әзірлеуге арналған үлгіні пайдалану, сапалық және сандық талдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері болды.

Курс бағдарламасы шеңберінде қатысушыларға физикалық қорғау шараларының тиімділігін бағалау маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берген физикалық қауіпсіздікті біріктірілген талдау осалдығының әдіснамасын пайдалану арқылы болжамды ядролық объект мысалымен дәріс пен практикалық жаттығуларды құрамдастыру пайдаланылды