«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне Smart Grid «ақылды желілер» технологияларын енгізу

Қосылған: 15 маусым 2017 16:57, Жаңартылған: 15 маусым 2017 19:15

Өткізіліп отырған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің шенберінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Көрменің серіктесі «Siemens» компаниясымен бірлесіп Smart Grid энергиямен жабдыктаудың зияткерлік желісін құру бойынша бірегей жобаны іске қосты. Қазақстанның және ТМД елдерінің электр тарату желілерінде мұндай жоба алғаш рет іске асырылуда және озық жаһандық үрдістерге сәйкес келеді.

 

Жобаның негізгі мақсаты электр энергиясын өндіруді, беруді және таратуды неғұрлым энергетикалық тиімді және қауіпсіз  ету.

Энергия тиімділігінің көрсеткіштерін барынша жақсарту үшін,  жобаны дайындау және енгізу кезінде Қазақстанның  электр тарату желерінің жұмыс ерекшелігі ескерілген. Smart Grid жүйесінің жобасын енгізу және іске асыру үшін алғаш рет электрмен жабдықтау желілерінің бүлінген учаскелерін автоматты түрде ажыратуға ғана емес, апат туралы ақпараты құрылғыларға және диспетчердің пультіне беруге қабілетті бесінші буын релелік қорғаудың микропроцессорлық құрылғы қолданылды. Бұдан басқа, жоба аясында электр энергиясын өндіру және тұтыну туралы ақпаратын тіркеуге, көрсетуге және одан әрі жіберуге қабілетті электр энергиясының сапасын бақылайтын және есептейтін, сондай-ақ Астананың қалалық желілерінен  келетін элекр энергияның бақылау параметрлерін және сапасын бақылайтын құрылғылар енгізілген болатын.

 

Smart Grid «ақылды желілер» жүйесін енгізу негізгі артықшылықтары:

- электр желілерідің бақылауын және қадағалауын жалпы арттыру, аварияларды өздігінен диагностикасының және өзін-өзі қалпыеа келтіру функцияларының есебінен жоюды бірнеше сағаттан бірнеше минутқа дейін уақытын қысқарту, осының арқасында жүйе апатты желі учаскелерін автоматты түрде анықтауға қабілетті;

- желінің пайдалану сипаттарын жақсарту және 20% - ға эксплуатациялық шығындарды қысқарту;

- коммерциялық және техникалық шығындарын, электр энергиясының жеткізілмеуін 2 есеге қысқарту;

- тұтынушылар үшін электрмен жабдықтауда ажырау уақытын қысқарту;

 

«ЭКСПО-2017» көрме аяқталғаннан кейін, Smart Grid қалалық құрылымдарға пайдалануға беріледі. Болашақта бұл жоба Астана қаласының толық сол жағалауын және кейіннен бүкіл қала үшін энергия жүйелерін бірыңғай басқару орталығы болмақ.

 

Тұтастай алғанда, Қазақстанда осындай жобалардың дамуы энергия тораптарының тиімділігі мен қауіпсіздігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Дереккөзі: «KAZENERGY» aқпараттық-сараптамалық журнал