Иондандырушы сәулелену көздерін бар-жоғы және орын ауыстыруы туралы жылдық есептерді ұсыну туралы жеке және заңды тұлғалардың назарына!

Қосылған: 14 желтоқсан 2016 16:30, Жаңартылған: 10 ақпан 2017 17:42

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы №442-V ҚРЗ «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар иондандырушы сәулелену көздерін (бұдан әрі - ИСК) есепке алу мен бақылауды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептер ұсынуға міндетті.

 

Жоғарыда көрсетілген есептерді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы
№59 бұйрығымен бекітілген «Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларымен» (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттелген Қағидалардың 12, 16, 18 және 19 тармақтарына сәйкес есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) ИСК-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға мынадай есептерді:

  • радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотопты аспаптардың тізбесін және есепті кезең ішінде орын ауыстыруы туралы (егер болса) жиынтық мәліметтерді;
  • иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың тізбесін және есепті кезең ішінде орын ауыстыруы туралы (егер болса) жиынтық мәліметтерді;
  • нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің тізбесін және есепті кезең ішінде орын ауыстыруы туралы (егер болса) жиынтық мәліметтерді жіберуі тиіс.

 

Назарларыңызды тізбеге олардың пайдаланылатынына немесе пайдаланылмайтынына қарамастан ұйымда есепте тұрған барлық ИСК туралы мәліметтер енгізілетіне аударамыз.

 

Басшы қол қойған және мөрмен расталған нысандар ресми хатпен Комитеттің мекенжайына (мүмкін 8717274-12-18 факс немесе kense.kaenk@energo.gov.kz электрондық пошта арқылы) жіберіледі.

 

Есептердің электрондық көшірмесін сканерленген және сканерленбеген түрде электрондық пошта арқылы Комитеттегі есепке алуға жауапты адамға - S.Chelnokov@kaec.kz, сондай-ақ, A.Abulkassimov@kaec.kz немесе S.Chelnokov@energo.gov.kz, сондай-ақ, A.Abulkassimov@energo.gov.kz жіберу қажет

.

Нысандарды қоса алғанда, барлық материалдар Комитеттің www.kaenk.gov.kz сайтында «Қызмет» - «Иондандырушы сәулелену көздері» бөлімінде орналастырылған.

 

Мұнан былай, жоғарыда көрсетілген Бұйрықтың ережелерін басшылыққа алуды сұраймыз.

 

Есепке алу қағидаларының талаптарын орындамау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің аясына түсетінін (413 бап) атап өту қажет.