Ақтөбе облысы бойынша жылыту маусымының өтуі туралы ақпарат

Қосылған: 18 сәуір 2017 15:42, Жаңартылған: 18 сәуір 2017 15:42

2017 жылдың 18 сәуірі жағдайы бойынша Ақтөбе облысында 2016-2017 жылдардағы күзгі-қысқы кезең штатты режимде өтуде. Аймақтың тұтынушыларын жылумен жабдықтау бекітілген температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Облыстың тұтыну мөлшері 601 МВт құрайды, аймақтағы электр станцияларындағы жиынтық генерациясы – 399 МВт. Сыртқы энергия көздерінен электр беруші желілерінің ағымдары – 212 МВт.

2016-2017ж.ж. күзгі-қысқы кезеңінің өтуі туралы жедел ақпаратқа сәйкес 2017 жылғы 18.04. жағдайы бойынша:

  1. «Актобе ТЭЦ» АҚ: №5,6,7,8,9,10,11 бу қазандықтары істе; №4 бу қазандығы жөндеуде; №3 бу қазандығы резервте; №1,2,3,4,5 құбыр генераторы істе, электр энергиясын өндіру – 128 МВт; сыртқы ауа температурасы +10 0С, жылу желісінің  жылу тасымалдағышының беру/кері қайту шығысындағы нақты температурасы +70,2 0С/ +46,4 0С.
  2. «Қазхром»ТҰК »АҚ филиалы-Ақтөбе ферроқорытпа зауытының электр станциясы: ГТУ, ПСУ істе, электр энергиясын өндіру – 126 МВт.
  3. «Жанажолская ГТЭС» ЖШС: №1,3,4,5 ГТУ істе, №2,6,7,8,9,10 ГТУ резервте, электр энергиясын өндіру – 31 МВт.
  4. ГТЭС-45 «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ: №3 ГТУ, №5 ПТ істе, электр энергиясын өндіру – 75 МВт,  №1,2 ГТУ, №4 ПТ резервте.
  5. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС электр станциясы: №1,2,3,4 ГПА істе, электр энергиясын өндіру – 27 МВт.