Электр энергиясын заңсыз өшіргені үшін «AYT Facility Management» ЖШС-нің әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы

Қосылған: 02 мамыр 2017 17:25, Жаңартылған: 02 мамыр 2017 17:25

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті, Баймагамбетова М.Х азаматынан келіп электр энергиясын заңсыз, алдын ала хабарлаусыз шектеу туралы арызына байланысты «AYT Facility Management» ЖШС-ге (бұдан әрі - ПИК) қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында, ПИК ай сайын тұтынушыға есеп-шот жібереді, сонымен қатар жіберілген есеп-шот хабарлама болып табылатындығы және тұтынылған электр энергиясы үшін төлем бойынша міндеттерді уақытында орындамаған жағдайда, ПИК электр энергиясын беруді алдын ала хабарлаусыз тоқтатындығын көрсетеді. Бұл ретте, электр энергиясын пайдалану Қағидаларының (ары қарай – Қағида) анықтамалық бөліміне сәйкес, төлем құжаты – осы төлем құжаты негізінде тұтынушылар төлем жүргізетін құжат (төлем шоты, фактура шоты, хабарландыру, түбіртек) және электр энергиясын беруді шектеу туралы хабарлама болып табылмайды.

Қағиданың 51 тармағына сәйкес, энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтау тоқтатылғанға дейін электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушыларды - кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын) жазбаша (хабарлама ұсыну арқылы) ескертіп, электр энергиясымен жабдықтауды тоқтатады (шектейді).

Осыған байланысты, ПИК Қағиданың 51 тармағын бұза отырып, тұтынушыға электр энергиясын беруді төлемнің болмауы үшін тоқтататындығы туралы хабарламаны жібермей, электр энергиясын беруді есеп-шоттың (төлем құжатының) негізінде шектеді.

Жіберілген бұзушылыққа байланысты, Департаментпен ПИК - ке қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 172 бабының 5 тармағы бойынша - «Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) өшіру» үшін әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік соттың шешімімен ПИК елу (50АЕК) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде, ПИК басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылықты толық мойындады.