«Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін түсіндіру туралы

Қосылған: 27 қаңтар 2017 17:13, Жаңартылған: 27 қаңтар 2017 17:13

      Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментімен (ары қарай – Департамент), Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің, Департамент іс-әрекетіндегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасау шегіндегі ұсыныстары бойынша 2017 жылдың қаңтар айында энергия өңдіруші және энергия таратушы кәсіпорындардың қатысуымен «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін түсіндіру туралы кеңес өткізілді.

     Департамент басшысының орынбасары А.Х. Жакуповпен энергетикалық кәсіпорындарға әзірлік паспортын алуға құжаттарды тапсыру кезіндегі әзірлік паспортын алу шарттары туралы, мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тапсыру тәртібі туралы, мемлекеттік қызмет нәтижесін беру және Стандарт пен күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге әзірлік паспортын алу Қағидаларынан үйлесімсіздік пен ауытқуларды жібермеу қажеттілігі туралы толық мәлім етілді.

      Кеңес нәтижесі бойынша энергетикалық кәсіпорындарға мемлекеттік қызмет Стандартын және күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге әзірлік паспортын алу Қағидаларын басшылыққа алуға және мұқият танысуға ұсынылды.