«ҚР ЭМ атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде қызметі туралы есеп

Қосылған: 26 сәуір 2017 18:22, Жаңартылған: 26 сәуір 2017 18:22

2017 жылдың 25 сәуірінде «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының төрағалығымен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде, жемқорлық тәуекелінің сыртқы талдау шығарылған қызметі нәтижесі бойынша  «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атомдық және энергетиқалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық Департаменті» ММ (әрі қарай - Департамент) ұсынымдарды орындау туралы» тақырыбына облыстық маслихат депутатының қатысуымен, «Нұр Отан» партиясы, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, БАҚ өкілдерімен және жұртшылықпен кезекті кеңес өткізді.

Осы мәжілісте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық Кодексінің және  Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы Департаменттің барлық қызметкерлері бұлжытпай сақтау туралы, жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды орындау бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту және орындау бойынша ақпарат Департаменттің назарына алынды.