«БатысПауэр» ЖШС «ГТЭС-200 Орал» өртке қарсы жаттығу

Қосылған: 19 маусым 2017 12:23, Жаңартылған: 19 маусым 2017 12:23

«БатысПауэр» ЖШС-ның «ГТЭС-200 Орал» газотурбиналық электр станциясында (әрі қарай – ГТЭС-200) өрт қауіпсіздігі өртті ескертуге, жағымсыз экологиялық салдарды азайтуға, өрт сөндіру бөлімшелерін тез арада шақыруға жағдай жасауға және өртті табысты сөндіруге бағытталған ұйымдық және техникалық шараларды өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұған 2017 жылдың 14 маусымында ГТЭС-200-де «Ауыстырып қосу және АГҮС газды одоризациялау түйінінің №1 шығыр-контейнерінде газдың жануымен катты ағып кетуі» тақырыбында өткізілген өртке қарсы жаттығу дәлел болды. Бұл өртке қарсы жаттығудың басты мақсаты қызметкерлерді шынайы өрт кезінде оны жоюға және адамдарды эвакуациялауға бағытталғантез және дұрыс әрекет жасауды үйрету, сонымен қатар өрт сөндіру құрылымдарының жеке құрамымен өзара көмектесе әрекет жасау. Жаттығу іске қосылған құрылғыға қызметкерлердің шартты әрекет ету әдісімен «Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ –нің өкілінің бақылауымен өткізілді. Қызметкерлердің барлық әрекеттері ГТЭС-200 бекітілген өртке қарсы жаттығулар бағдарламасына сәйкес орындалды. Жалпы жаттығуға қатысушылардың іс-әрекеттерінің бағасы қанағаттанарлық.