Тақырыбы: «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Акмола облысы бойынша аумақтық департаментінің 2017 жылғы 5 айдағы бақылау қызметі туралы ақпарат»

Қосылған: 19 маусым 2017 17:22, Жаңартылған: 19 маусым 2017 17:24

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) ағымдағы жылдың 5 айдың ішінде энергия өндіруші, энергия беруші (энергиямен жабдықтаушы) ұйымдарға және электр энергиясын тұтынушыларға 5 іріктеп және 1 жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

 

«Көкшетау Энерго Орталық» ЖШС-ке қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған. «Көкшетау Энерго Орталық» ЖШС-нің іс-әрекеті «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 172-бабының 5-тармағы бойынша, атап айтқанда, электр энергиясын заңсыз шектеді.

 

«Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқылы зауыты бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ке, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Көкшетау электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалына, «Степногорская ЖЭО» ЖШС-ке, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына, «Ақмола Бидай» ЖШС-ке қатысты іріктеп тексеріс жүргізу кезінде Департамент Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларының, Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының, Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларының және Электр энергиясын пайдалану қағидаларының және электр энергетикасы саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актілердің талаптарының бұзылғандығын анықтады.

 

Осыған байланысты, Кодекстің 802-бабының 3-тармағына сәйкес жоғарыда аталған ұйымдарға қатысты іріктеп тексеру қорытындылары бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 300-бабы атап айтқанда авария қаупіне, қоршаған ортаның ластануына, өртке немесе қызмет көрсетуші персоналдық өміріне қаупті жай-күйге әкеліп соқтырған электр стаңциялары мен желілерін техникалық пайдалану, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану бекітілген қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.