ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментімен энергия кәсіпорындарының басшыларына, 2016-2017 КҚК кезектен тыс аварияларға қарсы жаттығуларды өткізуді ұсынылды

Қосылған: 30 қаңтар 2017 18:37, Жаңартылған: 19 мамыр 2017 08:04

     Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысында технологиялық бұзушылықтары жиілеп кетуіне байланысты ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментімен (бұдан әрі - Департамент), технологиялық бұзушылықтарды жою жағдайларда тәжірибелік дағдысын алу үшін және авариялық қауіпті шарттарында энергетикалық объектінің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету, аварияларға қарсы жаттығуларды өткізу Қарағанды облысы бойынша энергия кәсіпорындарының басшыларына ұсынылды

     Бақылау аварияға қарсы жаттығуларда (жедел, жедел-жөндеу) объектінің барлық қызметкерлері қатысады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар Комитетінің аумақтық бөлімшелері, ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелері, және Департамент шақырылатын болады.

 

 

   Солай 2017 жылғы 26 қаңтарда "Қазақмыс Энерджи" ЖШС Жезқазған ЖЭО-да «Электр станцияларының толық тоқтауы өз мұқтажы жоғалтуымен»тақырыбына қатысты аварияға қарсы жаттығу өтті, жаттығуда станцияның.жедел персоналы қатысты.

      Сонымен бірге, «Окжетпес – Т» ЖШС, Теміртау қаласының"АрселорМиттал Теміртау"АҚ ЖЭО-мен бірге 2017 жылғы 28 қаңтарда аварияға қарсы жаттығулар өткізілді.

     Сонымен қатар 28 қаңтар 2017 жылғы аварияларға қарсы жаттығулар өткізеді "Оқжетпес" ЖШС Теміртау қаласы

   Тұтастай алғанда, аварияларға қарсы жаттығулар энергия кәсіпорындарының штаттан тыс жағдайлардың туындауына және олардың жедел жоюна дайындығын көрсетті