«Караганда Энергоцентр» ЖШС таңдама тексеру

Қосылған: 19 маусым 2017 12:27, Жаңартылған: 19 маусым 2017 12:28

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментпен (әрі қарай - Департамент) ағымдағы жылдың 02 мамырдан - 09 маусымға дейін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңдарының сақталуы тұрғысынға ЖШС «Караганда Энергоцентр» (әрі қарай – ЖШС) ЖЭО-1 жоспардан таңдама тексеру жүргізілді.

 

Тексеру жүргізу барысында, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалардың 18 -тармақтарын бұзғаны анықталды.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ЖШС ЖЭО-1, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 300 бабына сәйкес, жауапкершілікке тартылды (200 АЕК)