«Kazakhmys Distribution» ЖШС іріктемелі тексеру

Қосылған: 21 сәуір 2017 17:57, Жаңартылған: 21 сәуір 2017 17:57

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінен (бұдан әрі - Департамент) ағымдағы жылдың 13 наурызынан 10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңдарының сақталуы тұрғысынан «Kazakhmys Distribution» ЖШС-ға (бұдан әрі – ЖШС) іріктемелі тексеру жүргізді.

Тексеру жүргізу барысында, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларының 69 -тармақтары бұзғандығы анықталды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, ЖШС Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 300-бабына сәйкес, 453 800 тенгеге жауапкершілікке тартылды (200 АЕК)