Ақтау қаласы бойынша жылу беру маусымының аяқталуы.

Қосылған: 21 сәуір 2017 14:37, Жаңартылған: 21 сәуір 2017 14:37

2017 жылғы 12 сәуір №10 Ақтау қаласы мәселелерін жедел шешу Штабының отырысына сәйкес, 2017 жылы 15 сәуірде, сағат 24:00 Ақтау қаласының әлеуметтік нысандары және көпқабатты тұрғын үйлердің жылу беру маусымы аяқталды. 2016-2017 ж.ж. жылыту маусымының аралығында  жылу желілерін пайдалануда технологиялық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Жылыту кезеңде температура бекітілген кестеге сәйкес, қалыпты режим сақталды.