Хабарлама

Қосылған: 05 шілде 2016 13:25, Жаңартылған: 22 қараша 2016 11:58

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 479-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар» Заңынан (бұдан әрі – Заң) алынды.

Заңның 18-бабы 6-тармағына сәйкес Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ немесе хабарлама жібермей-ақ жүзеге асыру құқығына әкеп соғады.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты электр зертханасын құру үшін аттестациядан мен тексеруден өткен сәйкес өлшем құралдарының болуы қажет. Электр зертханаларын құру үшін рұқсат талап етілмейді. 

 

Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату бойынша хабарламаны беру туралы

 

Сараптамалық ұйымдардың тізілімі