Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты

Қосылған: 14 қаңтар 2016 14:30, Жаңартылған: 21 сәуір 2017 15:06

Әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын және регламентын

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі әзірлейді.

 

Мемлекеттік қызметті:

 

  1. белгіленген электр қуаты 5 МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және электр беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті береді;
  2. барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорттарын Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары береді;
  3. өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және электр беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері береді;

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11130 тіркелген «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мәлімделген.

 

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығымен бекітіліп Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11454 тіркелген «Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру» 3-қосымшасында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мәлімделген.

 

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

 

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттары мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3- қосымшасында, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларының 4-қосымшасында мәлімделген.

 

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, сонымен қатар  Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

 

 

Регламент пен стандарттар

1

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия берушіұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда  жұмысқа әзірлік паспортын беру»

Регламент

Стандарт