Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу

Қосылған: 09 желтоқсан 2016 09:27, Жаңартылған: 03 шілде 2017 18:07

 

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғылардың, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың, көліктік қаптама комплектілерінің қауіпсіздігін олар ықтимал қауіп төндіруі мүмкін бүкіл уақыт кезеңіне тәуелсіз бағалауды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

 

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын осы қызмет түрін жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттелген ұйымдар жүргізеді.

 

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мекемелерді аккредиттеу тәртібі «Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығымен бекітілген.

 

Мекемелерге аккредиттеуден өту үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 69 бұйрығымен бкітілген «Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде келесі құжаттарды тапсырады:

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. құрылтай құжаттарының көшірмелері және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтамалар;
  3. аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттар;
  4. персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  5. мәлімделген жұмыстарды орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.

 

Сұрақ туындаған жағдайда:

  • Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 74-03-32
  • Талдау және инспекциялау басқармасына: 8 (7172) 50-29-56, 50-29-54 қоңырау шалыңыз