Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту

Қосылған: 09 желтоқсан 2016 09:44, Жаңартылған: 03 шілде 2017 18:34

Қазақстан Республикасы «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңының 26 бабының 5 тармағына сайкес   ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау тасуға рұқсат етілген ядролық материалдар, радиоактивті заттар және радиоактивті қалдықтар қаптамасының коды мен типі, тасу шарттары, тіркеу нөмірі мен күні, олардың қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, конструкциясын уәкілетті орган бекітетін көліктік қаптама комплектілерінде жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары» бекітілді, соған сәйкес көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту және басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына тарату жүргізіледі.

 

Көліктік қаптама комплектілерінің (бұдан әрі – КҚК) конструкциясын бекіту үшін

  1. нысан бойынша КҚК конструкциясын бекітуге арналған өтінім;
  2. уәкілетті органның "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау" қызмет түріне арналған лицензиясының көшірмесі;
  3. B (U) типіне, С типіне және уран гексофторидіне КҚК конструкциясын бекіту үшін:

болжамды радиоактивті құрамы, оның физикалық және химиялық құрамын және сәулелену сипатын көрсете отырып, толық сипаттамасы;

инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, КҚК конструкциясының толық сипаттамасы;

жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;

КҚК пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;

егер ҚҚК 100 кПа-ға тең манометрлік қысымнан асып түсетін ең жоғарғы деңгейдегі қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, таңдап алуы жоспарланған сынамалардың және ұсынылған сынақтардың толық сипаттамасы;

егер болжауы радиоактивті құрамы сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың дәйектемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;

көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдардың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, КҚК-ден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарын сипаттауды;

КҚК құрастыруын суретпен сипаттаушы өлшемі 21 см х 30 см артық емес нақты көшірмесін алуға жарайтын кескінделген бейнелемені;

КҚК-нің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;

  1. B (М) типіне КҚК конструкциясын бекіту үшін осы қосымшаның 3) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:

тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;

көліктің түрі жайында кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;

тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет.

 

Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттардың қолданылуын Қазақстан Республикасы аумағына тарату үшін:

 

  1. нысан бойынша КҚК конструкциясына басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттардың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына таратуға арналған өтінім;
  2. Уәкілетті органның "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау" қызмет түріне арналған мемлекеттік лицензиясының көшірмесі;
  3. басқа елдің уәкілетті органы бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттардың есепке алынған көшірмесі;
  4. КҚК тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының толық сипаттамасы.

 

Сұрақ туындаған жағдайда:

  • Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 74-03-32
  • Талдау және инспекциялау басқармасына: 8 (7172) 50-30-78, 50-29-54 қоңырау шалыңыз