Иондаушы сәуле көздері

Қосылған: 05 желтоқсан 2014 08:12, Жаңартылған: 02 наурыз 2017 15:36

 

Теңгерімінде иондандырушы сәулелену көздері бар ұйымдарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 12 ақпандағы «Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» № 59 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13458 болып тіркелді) сәйкес Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне ақпарат жіберу қажет. 

 

ИСК есеп беру нысандары

 

Радионуклидті көздердің, рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды, нейтрондық генераторлардың бар-жоғы, орын ауыстыруы туралы есеп нысандардың атаулар және оларды беру мерзімдері

 

Басшы қол қойған және мөрмен расталған нысандар ресми хатпен Комитеттің мекенжайына (мүмкін 8 7172 74-12-18 факс немесе kense.kaenk@energo.gov.kz электрондық пошта арқылы) жіберіледі.

 

Есептердің электрондық көшірмесін сканерленген және сканерленбеген түрде электрондық пошта арқылы Комитеттегі есепке алуға жауапты адамға - S.Chelnokov@kaec.kz, сондай-ақ, A.Abulkassimov@kaec.kz немесе S.Chelnokov@energo.gov.kz, сондай-ақ, A.Abulkassimov@energo.gov.kz жіберу қажет.

 

Нысандарды қоса алғанда, барлық материалдар Комитеттің www.kaenk.gov.kz сайтында «Қызмет» - «Иондандырушы сәулелену көздері» бөлімінде орналастырылған.

 

Есепке алу қағидаларының талаптарын орындамау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің аясына түсетінін (413 бап) атап өту қажет.