Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

Қосылған: 09 қараша 2015 16:45, Жаңартылған: 08 желтоқсан 2016 20:42

 

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi.Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.

 

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

 

Комитеттің кеңсесіне түскен өтініштер бойынша мына нөмірге хабарласуға болады:  8 (7172) 74-02-24 Құрманғалиева Лаура Байтұрсұнқызы.

Комитет басшылығының жеке қабылдауына жазылу үшін мына нөмірге хабарласуға болады:  8 (7172) 74-03-32