Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қосылған: 06 желтоқсан 2015 13:21, Жаңартылған: 06 желтоқсан 2015 13:25

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 шілдеде № 11734 тіркелді

 

  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 14-бабының 15) тармақшасынасәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                   Б. Сұлтанов

 

Файлды жүктеу (PDF, 386 KB)