Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тарихы

Қосылған: 05 қыркүйек 2012 06:25, Жаңартылған: 01 қазан 2016 10:59

1944 жылдың 18 мамырында КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қаулысымен КСРО электр станцияларының наркоматы жанындағы Өнеркәсіп энергетикасы және энергетикалық қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция ұйымдастырылды.
1963 жылы Одақтар республикасының коммуналдық шаруашылық министрліктерінің функцияларын Мемлекеттік энергетикалық қадағалау инспекциясына тапсыру арқылы Мемлекеттік шаруашылық энергетикалық қадағалау инспекциясы және Коммуналдық энергетика жөніндегі инспекция таратылды.
1967 жылы 29 маусымда «КСРО мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы» және «Қазандарды қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция туралы» ережелер бекітілді.
1980 жылы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау инспекциясына электр энергиясын өткізу және оның пайдаланылуын бақылау жөніндегі кәсіпорындар тапсырылды.
1983 жылы 4 қарашада КСРО-да Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы жаңа ереже қабылданды, оның негізінде 1985 жылдың наурыз айында КСРО мемлекеттік энергетикалық қадағалаудың бас басқармасы (КСРО Бас мемлекеттік энергетикалық қадағалау) туралы ереже, Мемлекеттік энергетикалық қадағалауды өңірлік басқару туралы ереже, Министрліктердің мемлекеттік энергетикалық қадағалау басқармасы (бөлімі) туралы ереже бекітілді.
1991 жылға дейін Республикалық «Мемлекеттік энергетикалық қадағалау» ҚазСРО Энергетика және электрлендіру министрлігінің жүргізуінде болды.
1991 жылы Кеғес Одағы құлдырағаннан кейін Одақтас министрлік таратылды. Республикалық энергетикалық қадағалау 1994 жылға дейін Энергетика және отын ресурстары министрлігінің, 1997 жылға дейін Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің, 1999 жылға дейін Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің жүргізуінде болды.
1999 жылдың 27 мамырында ҚР Үкіметінің N 657 қаулысымен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құрамында Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет құрылды.
2004 жылдан 2010 жылға дейін Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрамында болды. 2010 жылдың 12 наурызынан
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрамында.
2011 жылдың 2 сәуірінде Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеттің атауы  Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне өзгертілді.

2014 жылдың 6 сәуірінде Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі