Лицензияға өтініш

Қосылған: 09 қазан 2015 16:12, Жаңартылған: 29 наурыз 2017 09:17

Атом энергиясы қолдану саласындағы қызмет және кіші қызмет түрлері

 

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V заңының 17-бабының негізінде және 29-бабына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында қызмет түріне лицензия алу үшін ұсыну қажет:


1. Белгіленген үлгідегі өтініш (бар нысандардың бірін таңдаңыз);

 

2. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлемін  растайтын құжаттың көшірмесін;

 

3. Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды беру қажет.


Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға/қайта рәсімдеу үшін өтініш  құжаттар топтамасымен келесі түрдің біреуі арқылы жүзеге асырылады:

 

  1. қағаз түрінде ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеттің кеңсесі (Астана, 010000, Мәнгілік Ел данғ., 10, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 718 каб., телефон +7 (7172) 741218)

  2. электронды түрде «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы.

 

Лицензия алуға арналған құжаттарды Комитеттің кеңсесі арқылы берген жағдайда өтініштің түпнұсқасын беру қажет, ал барлық басқа құжаттар көшірмеде беріледі. Көшірмені нотариалды куәландыру қажет емес.

 

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің пошталық мекенжайы:

Астана қаласы, 010000,

Мәнгілік Ел данғ., 10, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 718-каб.

 

Лицензияларды алу, қайта ресімдеу сұрақтары бойынша келесі телефон нөміріне қоңырау соғыңыз:

8 (7172) 50-30-77

 

Біліктілік талаптарына сәйкес құжаттардың мазмұнын түсіндіру мәселелері бойынша мына телефондарға қоңырау соғыңыз:

8 (7172) 50-30-78 и 8 (7172) 50-29-52

 

Сақтандыру компаниялары сақтандыру жағдайларын (сақтандыру төлемінен бас тарту),  атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің мәлімделген түрлері үшін қолайсыз радиациялық әсердің зардаптарын болдырмау туралы ережені қамтитын - радиациялық қауіп-қатерді сақтандыру бөлігінде міндетті сақтандыру шарттарының мазмұнына назар аударуды сұраймыз. Аталған ережені қамтыған сақтандыруға арналған шарттарды Комитет өтінім материалдарын қарауға қабылдамайды.

 

Лицензияны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтiнiштер нысандарының үлгілері

 

Радиациялық қауіпсіздік саласында мамандарды дайындаумен айналысатын ұйымдардың тізімі