Персоналды аттестаттау

Қосылған: 09 қазан 2015 17:00, Жаңартылған: 30 қараша 2016 15:02

Атом энергиясын пайдалану объектілерін қауіпсіз пайдалану тек жақсы оқыған білікті персонал болған кезде ғана мүмкін.«Атом энергиясын пайдалану туралы» заңда  (21-бап) персоналдың санаттары мен уәкілетті органда (Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде) аттестаттаудан өту тәртібі белгіленген.

 

ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен «Атом энергиясын пайдаланылатын объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары» бекітілді, соған сәйкес өз ұйымдарында ядролық және радиациялық қауіпсіздікке жауап беретін басшылар мен мамандарды аттестаттау жүргізіледі. Тексеру осы салада қолданыстағы заңдарды, қағидалар мен нормаларды білуіне жүргізіледі.

 

Бұл құжатта аттестаттаудан өтуі қажет басшылар мен мамандардың санаттары белгіленген, сондай-ақ аттестаттау жүргізу тәртібі келтірілген. 

 

Аттестаттаудан өту үшін Комитеттің мекенжайына ілеспе хат жіберу және мынадай құжаттарды:

  1.  осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғалардан ұсыну;
  2.  аттестациялануға тиіс қызметкердің білімін, мамандығын және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды;
  3.  аттестациялануға тиіс қызметкердің лауазымдық нұсқаулығын;
  4.  лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесін (бастапқы аттестаттаудан өткен жағдайда) ұсыну қажет.

 

Комитет жоғарыда көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін Сізге аттестаттау қашан және қайда өтетіні туралы мәліметі бар хабарлама жібереді.

Сұрақ туындаған жағдайда:

·         Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 74-03-32

·         Лицензиялау және аттестаттау басқармасына: 8 (7172) 50-30-79, 50-29-51 қоңырау шалыңыз

немесе:

 S.Kuttybekova@kaec.kz.

      Құттыбекова Салтанат Білісбекқызына жазыңыз.