Комитеттің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық және келісімдерге қатысуы туралы

Қосылған: 02 қараша 2016 09:45, Жаңартылған: 02 қараша 2016 09:53

 

Атом энергиясы саласындағы ұлттық  басымдықтарды ескере отырып жасалған 2010-2015 жж. кезеңіне арналған  ҚР-АЭХА Негіздемелік ынтымақтастық  бағдарламасымен  келесі бағыттар айқындалған:

  1. Қауіпсіздік  және зерттеу реакторларын пайдалану.
  2. Қоршаған ортаны қорғау.
  3. Адамзат  ресурстарын дамыту және білімді басқару.
  4. Денсаулық сақтау (ядролық медицина, радиотерапия).
  5. Ауыл шаруашылығы.
  6. Операциялық және реттеуші мәселелерді қоса алғанда, ядролық энергетиканы дамыту.
  7. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.

Қазақстан Республикасына арналған  жобалар.

Іс-шараларға қатысу және нәтижелері.

  1. «Қауіпсіздік және зерттеу реакторларын пайдалану» бағыты бойынша «Ядролық физика институты» (Алматы, Алатау кенті.) РМК-да  Ядролық физика институтының  ВВР-К зерттеу  реакторын ЖБУ отынынан ТБУ-ға ауыстыру бойынша  жоба жүзеге асырылуда.

Ядролық физика институтының  ВВР-К зерттеу  реакторын ЖБУ отынынан ТБУ-ға ауыстыру бойынша  конверсия жұмыстарына Ядролық физика институтының, қызығушылық білдірген АҚШ ЭМ-нің, Росатомның кәсіпорындарының мамандары қатысып отыр. Жұмыстар АҚШ ЭМ қаржыландырылуда. Конверсияның негізінде отын жиинтықтардың жаңа құрылыс арқылы зерттеу реактордың экспериментальдық және технологиялық мүмкіндіктерін жақсартуы жоспарлануда. 2012-2016 жылдары төмен байытылған отынмен ВВР-К реакторы қауіпсіздігінің талдау бойынша есеп әзірленді. Есеп бойынша АҚШ ЭМ Аргон ұлттық зертханасының оңды негіздемесі мен ҚР ЭМ АЭҚБК-ның келісімі алынды.

2015 жылғы шілде айында ВВР-К  зерттеу реакторын ЖБУ отынынан ТБУ-ға ауыстыру үшін ВВР-К реакторы тоқтатылды. 2015 жылғы тамыз айында ТБУ жаңа  отын жиынтықтары дайындалған және сынақтан өтті. 

2016 жылғы наурыздың басына дейін мынадай жұмыстар жасалды:

  • Басқару мен қорғау жүйесінің (БҚЖ)ескі жабдықтарының демонтажы және жаңа жабдықтары мен атқарушы механизмдердің монтажы орындалды;
  •  БҚЖ мен атқарушы механизмдердің жеке сынақтар мен жөндеу жүргізілді;
  • жаңа атқарушы механизмдердің жаңа БҚЖ-ға қосылуы орындалды;
  • реактордың технологиялық параметрлерінің жаңа датчиктері қойылды;
  • реактордың апаттық энергожабдықтау жүйесі жаңартылды;
  • реактордың активті бөлігінің апаттық суыту жүйесінің жаңарту бойынша жұмыстары аяқталыуда.

 

  1.  «Қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша екі жоба жүзеге асырылуда:

KAZ/9/012 «Бұрынғы Семей сынақ полигонының жерлерін халық шаруашылығына пайдалануға беру бойынша жұмыстарды ғылыми-техникалық қолдау» жобасы.

Жобаның мақсаты – бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерін шаруашылық пайдалануға беру мүмкіндігін бағалау мақсатында қоршаған ортаға  радиологиялық  зерттеулер жүргізу кезінде талдамалық және өндірістік мүмкіндіктерді арттыру.  

Жауапты ұйым – ҚР ҰЯО  Радиациялық қауіпсіздік және экология институты.

Бұл жоба бойынша жұмыстар жалғасуда, кейінгі бесжылдық (2016-2020) кезеңге ұзартылды.

Жүргізілген ядролық сынақтардың негізінде Семей сынақ полигонының шекарасына жақын аумақтары да радиоактивті ластанған.  Қазіргі кезде Қазақстанның мамандары полигонның шекарасына жақын аудандарының радиоэкологиялық жағдайды анықтау бойынша жоспарлық жұмыс жүргізілуде. Мамандардың алдында тұрған басты мақсат – қоршаған ортаның объектілерінде (топырақ, су, ауа, азық-түлік) осы аумақта тұрған халықтың алып жатқан мөлшерін белгілеу мақсатында, радионуклид құрамының деңгейін анықтау.  Басқа мәселе – аумақ тұрғындарын шаруамен айналысқан кезде сәулелендіруге әкелуге мүмкін учаскелерін анықтау, шектелу және қажет болған жағдайда оларды жою. Шаруашылық қызметтермен қауіпсіз айналысу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

KAZ/9/013 «Сәулелену мөлшерін бағалау және бақылау бойынша ұлттық инфрақұрылымды жетілдіру үшін республикалық кешенді дозиметрия орталығын  құру» жобасы аяқталып келеді.

Жобаның мақсаты – иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс және медициналық рентгенорадиологиялық процедураларды жүргізу  кезінде алынған персонал мен халыққа мөлшерлік жүктемені есепке алудың  мемлекеттік   жүйесін Қазақстанда құруды  ғылыми-техникалық қолдау.

Жауапты ұйым  – ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты.

Қазіргі кезде тұрғындардың алған мөлшерінің ретроспективалық бағалауы жүргізілуде. Ол үшін сынақтарды жүргізген кезде ластанған аудандарда тұрған және осы кезде де тұрып жатқан адамдардың категоризациялауы өткізілді. Адамдардың организмдерінде радионуклидтің құрамын анықтау бойынша цитогенетикалық зерттеулер жүргізілуде. Кейінгі зерттеулердің қорытындаларына сәйкес қазіргі кезде тұрғындардың денелерінде техногендік радионуклидтер анықталған жоқ.

 

  1.  «Денсаулық сақтау» бағыты бойыншат KAZ/6/010 «Қатерлі ісік

ауруларымен күрестің  ұлттық бағдарламасы аясында радиотерапияда радиациялық қауіпсіздік пен сапаны арттыру» жобасы.

Жобаның мақсаты – қатерлі ісік ауруларымен күрестің  ұлттық бағдарламасы аясында персоналдың біліктілігін арттыру және сапаны қамтамасыз ету бағдарламасын енгізу.

Жауапты ұйым  – Қазақ  Онкология және радиология ҒЗИ.

Аталған жоба бойынша АЭХА-дан медициналық жабдық алынған, АЭХА-ның талаптарына сәйкес жүйелі түрде республиканың онкологиялық ауруханалары ТЛД-дозиметрлерге  сәулелендіру өткізеді, оның нәтижелері бойынша мамандардың дайындық деңгейі, дозиметрлік өлшеулердің сапасы анықталады. Жобамен жұмыс кезеңінде ҚазОРҒЗИ-да  Эстония мен Литваның ғылыми онкологиялық орталықтарының  жетекші мамандарының қатысуымен  семинарлар өтті. Бес республикалық клиниканың  мамандары (медициналық физиктер және онколог дәрігерлер) Мәскеуде, Таллинде және Вильнюсте оқу мен тағылымдамадан  өткен. Алынған білімдер онкологиялық аурулары бар емделушілерге көрсетілетін радиотерапевтік қызметтер сапасын арттыруға  жәрдемдеседі.

2016 жылғы жаз айында Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында сәулелік терапияның сапасын жоғарылату және емделушілерді радиациялық қорғау қамтамасыз ету мақсатында QUATRO аудит жүргізілді. Халықаралық мамандар аудит барысында біздің елімізде жүргізіліп жатқан сәулелік терапиясының барлық компоненттерін бағалап, ұсыныстарын берді. Бұл ұсыныстар Қазақстанда дүниежүзінде танылған стандарттар бойынша сәулелік терапияны жүргізуге және оны жетілдіруге және Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ді АЭХА-ның критерийларына сәйкес келетін құзыретті орталығы деп анықтауға себепші болады.

2016-2020 кезеңіне KAZ/6/011 «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялық ядролық медицина орталықтарын құру» жобасы АЭХА-ның қолдауына ие болды.

Жауапты ұйым – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жобаның мақсаты – Қазақстанның бес онкология орталықтарында (Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Семей) сәулелік медицинаның жоғары технологиялық әдістерін енгізу.

2016 жылғы 25-29 сәуір аралығында Астанада АЭХА-ның сарапшыларының және Қазақстанның бес онкологиялық орталықтарының өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті. Отырыстың нәтижесі бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

  1. ҚР ЭМ АЭҚБК және АЭХА келісуімен оқуға кандидаттардың тізімі ұсынылсын;
  2. Семей қаласының Аймақтық онкологиялық диспансеріне Ядролық медицина орталығын пайдалануға беру мәселесі бойынша сарапшылар миссиясына өтініш тапсырылсын;
  3. Ұлттық оқу курстары өткізілсін:
    1. «бас-мойын, жамбас» бөліктерінің IMRT, қыркүйек, Алматы;
    2. Steriotaxis  2017 (өткізу орны талқыланады);
    3. 2017 жылы зерттеушілер үшін мастер-класс жүргізу (өткізу орны талқыланады);
    4. 4D жобалау, 2018 ж. (өткізу орны талқыланады);
    5. Ядролық медицина, 2019 ж. (тақырыбы мен өткізу орны талқыланады).

 

  1.   «Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша KAZ/5/003 «Интегралдық әдістер негізінде бидайдың гермоплазмасындағы микроэлементтердің мөлшерін және олардың биожетімділігін арттыру»  жобасы  ойдағыдай аяқталды.

Жобаның  мақсаты – ядролық технологияларды пайдалана отырып,  темір мен мырыштың мөлшері мен биожетімділігі жоғары бидайдың  мутанттық желісін құру. 

Жауапты ұйым – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология және биотехнология факультетінің Экология мәселелері институты.

АЭХА сарапшылары қазақстандық ғылымдарымен алған жоба нәтижелерін жоғары бағалады.

Бұдан басқа тағы екі ұлттық жоба 2016-2020 кезеңге АЭХА-мен қабылданды., олар:

KAZ1004 «Реактор қондырғының ақпараттық-өлшеу жүйесін әзірлеу». Жауапы ұйым – ҚР ҰЯО Атом энергиясы институты және KAZ2008 «Қазақстан Республикасында АЭС салуға қолдау». Жауапты ұйым – ҚР ЭМ-нің Атомдық жобаларды даму департаменті.

KAZ2008 жоба бойынша 2016 жылғы 31 қазаннан 8 қарашаға дейін ҚР Энергетика министрлігінде АЭХА-ның INIR миссиясын өткізуге жоспарлануда. Оған министрліктін және Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің мамандары қатысады.

Аталған 2016-2020 жылдары жүргізілетін ұлттық жобалардан басқа 2018-2019 жылдарға тағы төрт жоба мақұлданды:

1) KAZ2016001 «Дозиметрлік өлшеу аспаптардың калибрлеуді қолдау» (Support the calibration of dosimetric instrumentation). Бұл жоба  Қазақстан Республикасында қосымша стандарттық дозиметрлік зертханасының базасында жүргізіледі. Бұл жобаны іске асырылуы диагностикалық радиология саласында пайдаланатын дозиметрлерді калибрлеуді жасауға мүмкіндік береді. 

  1. KAZ2016003 «Семей сынақ полигонында радиоактивті қалдықтардың қоймаларын кристалл кеңдерде салу үшін учаскелерді белгілеу және таңдау» (Study and selection of sites for construction of radioactive waste storages in crystalline rocks of Semipalatinsk Test Site). Жобаның негізгі мақсаты Семей сынақ полигонында радиоактивті қалдықтарға терең қоймаларды құру үшін кристалл массивтарды, сондай-ақ жер астындағы зертхананы салу үшін тұтас блоктарды таңдау.
  2. KAZ2016004 «Қатты бидайдың өнімділігін алу, мутация арқылы сапасын жақсарту және ауруларға тұрақтылығын жоғарылату» (Developing High Yielding to Drought Response, Disease Resistant and Biofortified by Micro- and  Macro-minerals  Grain Wheat through Mutation Breeding).
  3. KAZ2016005 «Қазақстанда ядролық материалдардың сот сараптамасын дамыту» (Developing Nuclear Forensics Capabilities in Kazakhstan). Жобаның мақсаты – Ядролық физика институтында ядролық криминалистиканың зертхананың техникалық және методикалық базасын жетілдіру арқылы ядролық сараптама нәтижесінің сапасы мен нақтылығын арттыру.

     2016 жылғы 4-5 шілдеде Астанада мелиорация, ядролық медицина және ауыл шаруашылық саласында АЭХА-ның сарапшыларымен кездесу өтті.

Осымен қатар, АЭХА-ның сұрауы бойынша Қазақстанда ImPACT миссияны өткізу үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осы миссияның жауапты мекемесі болып Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты белгіленді. Бұл миссия 2016 жылғы 14-19 қараша айында өтеді. Миссияның мақсаты – мемлекеттің ұзақ мерзімді медициналық инфрақұрылымын дамыту және жобалауды орындауға, ядролық медицина бағдарламасын бақылауды қоса даярлығын бағалау.

 

ҚР үшін тиімділігі:

- саяси және әлеуметтік-экономикалық:

АЭХА таза  техникалық орган болып табылады және қандай да бір саяси баға беруге құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы АЭХА мүшесі бола тұрып, бұл ұйымнан ядролық энергияны қауіпсіз бейбіт пайдалану саласында және ядролық технологияларды  тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету мақсатында техникалық көмек алады.  АЭХА-мен ТЫ бағдарламасы бойынша  жүзеге асырылатын ұлттық және аймақтық жобалар елімізде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін, радиоэкологиялық мәселелерді  шешу бойынша елеулі оң әсерін тигізді, біздің елде атом саласының ойдағыдай дамуына жағдай жасайды.

 

Қазақстан халықаралық кооперация мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Бұл жөнінде біз АЭХА-ның жаһандық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  саласындағы жетекші ролін қолдаймыз. 

Бейбіт атомға тең қол жеткізу қағидасын ұстана отырып, АЭХА  аясында Қазақстан  ХТБУБ - Халықаралық төмен байытылған уран банкін құру идеясын қолдады.

2015 жылғы 27 тамызында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі арасында Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі кезде осы келісім бойынша ратификациялау рәсімдері жүріп жатыр. Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің комиттерінде талқыланды. 2016 жылғы 2 қарашасында ҚР мемлекеттік органдары жетекшілерінің қатысуымен пленарлық отырыс болады. Отырыста Энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың баяндамасы тыңдалады. 

 

Қазақстанда  ЯСЖТШҰ  мен халықаралық конференцияларда деңгейі жоғары бағаланатын ядролық сынақтардың мониторинг жүйесі құрылған және жұмыс істейді.  Келесі  2016 жылы ЯСЖТШҰ-ның қол қоюға  ашылған күнніне 20 жыл толады. Осы жылдыққа байланысты  ядролық таратпау  режимін қолдауға өте жоғары  және  маңызды жұмыс деңгейін қамтамасыз етуді,  Келісімнің күшіне енуіне  жәрдемдесуді  және оған  әмбебап сипат беруді  қажет етеді.

2016 жылғы наурыз айында  Венада ЯСЖТШҰ  «В» Дайындық комиссиясы Жұмыс тобының  сессиясы  өтті. «В» жұмыс тобы төрағасының орынбасары ҚР Ұлттық ядролық орталығы Бас директорының орынбасары Сергей Анатольевич Березин тағайындалды.

А.ж. сәуірде Норвегияның NORSAR сейсмологиялық агенттігімен бірге 2016-18 жылдарға  арналған  бірлескен  зерттеулерге арналған келісімшартты талқылаған отырыс өтті.

Жыл сайын Қазақстан Республикасы  ЯСЖТШҰ-дан  тек екі мониторинг станциясын (Ақтөбе және Мақаншы) ұстауға  464 мың  АҚШ доллары (тоқсанына 116 мың АҚШ доллары)  көлемінде техникалық көмек  алады. 2016 жылғы қаңтар айында «Мақаншы» станциясының жабдықтарын жаңартуға 2000 АҚШ доллар сомасына жаңа жабдықтар алынды. 

Сонымен қатар  ағымдағы жылы  «AS057- Бурабай»  және «AS059-Ақтөбе» сейсмикалық станцияларын жаңғыртуға  және Алматыдағы  Деректер орталығы үшін жабдықтар жеткізу жоспарлануда. Венадағы Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) отырысында Қазақстан мен Жапония 2015-2017 жж. кезеңінде ЯСЖТШ-ның  күшіне енуіне  көмек көрсету жөніндегі конференцияның тең төрағасы болып тағайындалды. Ядролық  сынақтарға жалпыға бірдей  тыйым салу туралы шартты  тиімді жүзеге асыру мақсатында ЯСЖТШ-ның тезірек күшіне енуіне көмек көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау  күшіне енгеннен кейін «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігінің Заң департаментіне келісуге жолданған  «Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей  тыйым салу туралы шарт   бойынша ұлттық, жұмыс органдарын  және ұлттық деректер орталығын белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасын әзірледі.

ҚР үшін нәтижесі:

1996 жылы 30 қыркүйекте ЯСЖТШ-ға  қол  қойып,  Қазақстан Жаһандық мониторинг жүйесін құру тұрғысында ЯСЖТШ Дайындық комиссиясымен  белсенді ынтымақтаса  отырып,  анықтау  режимін нығайтуға  қомақты үлес қосты. Қазақстан   ЯСЖТШҰ  қызметін және  Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей  тыйым салу туралы шарттың тезірек  күшіне енуін толық  қолдайды.  Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қарусыздану үдерісіне қомақты үлес қосады және елдің таратпау режимін нығайтуға тұрақты ниетін көрсететін бірнеше нақты қадамды жүзеге асырады. Қарусыздану, ядролық таратпау режимін сақтау және ядролық сынақтарға тыйым салу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатында басым бағыт болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Сауд Арабиясына сапар дайындау шеңберінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Сауд тарапынан келіп түскен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің  Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт  мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы  келісім жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімін өткізді.

ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің  Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт  мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы  келісімге қол қою туралы» қаулы жобасы әзірленді. Бүл қаулыға сәйкес ҚР Үкіметі атынан ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаевқа қол қоюға өкілеттік берілді (2016 жылғы 21 қазандағы № 605 қаулы).

Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 25-27 қазан аралығында Сауд Арабиясына сапар барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің  Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт  мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы  келісімге қол қойылды.

Сауд Арабиясы Корольдігінен атынан Келісімге Аблалла корольдің Атомдық және жаңғырмалы энергиясы орталығының президенті Хашим Абдалла Ямани қол қойды.