"Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қосылған: 16 тамыз 2016 15:50, Жаңартылған: 09 желтоқсан 2016 11:54

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 тамызда № 14114 болып тіркелді

 

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) аварияға қарсы жаттығулар – ықтимал технологиялық бұзушылықтар, өтеу және бұзылған энергиямен жабдықтауды құлақтандыру, оқшаулау, жою және қалпына келтіру бойынша бірінші кезектегі іс-қимылдарды игеру және қабылдау жөніндегі жаттығулар;
      2) әкімшілік-техникалық персонал – техникалық және жедел қызмет көрсетуді, жөндеу, монтаждау және ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын басшылар, мамандар;
      3) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
      4) жедел персонал – энергия қондырғыларын жедел басқаруды (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істейтін персоналға рұқсат беру және оларды қадағалау) жүзеге асыратын персонал;
      5) жедел-жөндеу персоналы – өздеріне бекітілген энергия қондырғылар көлемінде жедел түрде қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және даярланған жөндеу персоналы қатарынан қызметкерлер санаты;
      6) жөндеу персоналы – энергия қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді, реттеуді және сынауды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлер;
      7) жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде өздерінің еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
      8) қайталау – қайталаушыны дайындауға жауапты адамның бақылауымен атқарылатын энергия қондырғысын басқару немесе жұмыс орнында басқа да функцияларды жүзеге асыру болып табылатын дайындық сатысы;
      9) қосалқы персонал – қолданыстағы энергия қондырғылары аймағында жұмыс атқаратын қосалқы кәсіптер қызметкерлер санаты;
      10) маман – жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын адам, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 14) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың, цехтарының, қызметкерлерінің, бөлімдерінің басшылары;
      11) нұсқама – қызметкерлердің барлық санаттары үшін міндетті персоналмен жұмыс нысаны;
      12) персоналмен жұмыс – персоналдың өндiрiстiк функцияларды орындауы үшін оның қажетті кәсiптік бiлiм деңгейін қолдауды қамтамасыз ететін өндірістік қызмет нысаны;
      13) тағылымдама – жұмысты немесе жұмыс топтарын орындау дағдыларын тікелей жұмыс орнында практикалық игеру;
      14) техникалық басшы – электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың басшысының техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасарынан, сондай-ақ бас инженерден, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысынан төмен болмайтын лауазымды атқаратын адам;
      15) энергетикалық объект – өз құрамында электр техникалық және жылу-техникалық жабдықтар мен қондырғылары бар энергетикалық ұйымның өндірістік бөлімшесі (учаске, цех, кешен);
      16) энергия қондырғысы – энергияны өндіруге немесе түрлендіруге, беруге, жинақтауға, таратуға немесе тұтынуға арналған өзара байланысты жабдықтар мен құрылыстар кешенi;
      17) электр техникалық персонал – энергетикалық ұйымдарда басқаруды және (немесе) пайдалануды, монтаждауды, ретке келтіруді, оларға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, олардың жұмыс режимін басқаруды тікелей жүзеге асыратын жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналы;
      18) электр технологиялық персонал – өзі қызмет көрсететін технологиялық процесте негізгі құрамдық бөлік электр энергиясы болып табылатын, жұмысында қол электр машиналарын, электр дәнекерлеуішті, жарықтандырғыштарды, өлшеу аспаптарын және тасымалды электр құрылғыларын пайдаланатын персонал, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықпен немесе еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 тіркелген) Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын білу белгіленген электр зертханаларының қызметкерлері;
      19) электр техникалық емес персонал – «электр техникалық», «электр технологиялық» персонал анықтамасына жатпайтын персонал.»;
      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
      3456 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жедел және жедел-жөндеу персоналымен, энергетикалық қондырғыларды басқаруды жүзеге асыратын жедел басшылармен жұмыс мынадай нысандарда жүргізіледі:
      1) оқытудан, оның ішінде:
      жұмыс орнындағы тағылымдамадан;
      білімді бастапқы біліктілік тексеруден;
      қайталаудан тұратын жаңа лауазым бойынша дайындау;
      2) білімді мерзімді біліктілік тексерулер;
      3) аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар;
      4) нұсқамалар;
      5) біліктілікті арттыру.
      4. Жөндеу персоналымен жұмыс мынадай нысандарда жүргізіледі:
      1) жұмыс өндірісінің қауіпсіз әдістеріне оқытудан;
      жұмыс орнындағы тағылымдамадан;
      білімді бастапқы біліктілік тексеруден тұратын жаңа қызмет бойынша дайындаудан тұратын;
      2) білімді мерзімді біліктілік тексерулер;
      3) аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар;
      4) нұсқамалар;
      5) біліктілікті арттыру.
      5. Бөлімшелердің басқарушы қызметкерлерімен және осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында аталған персоналдың санатына жатпайтын мамандармен жұмыс:
      кіріспе және қажет болған жағдайда, мақсатты нұсқамалардан;
      білімді бастапқы және мерзімді біліктілік тексерулерден;
      аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулардан;
      біліктілікті арттырудан тұрады.
      6. Жұмыстарды орындайтын қосалқы персоналмен жұмыс немесе қауіптілігі жоғары энергетикалық емес объектілерге (білдек жабдығы, құрал-сайман, жүк көтергіш механизмдер, отты, дәнекерлеу және жөндеу-құрылыс жұмыстары, цех ішіндегі көлікті басқару) қызмет көрсету:
      техникалық пайдалануға және қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытудан;
      жұмыс орнындағы тағылымдамадан;
      білімді бастапқы және мерзімді біліктілік тексерулерден (қауіпсіздік техникасын, жұмыс түрлерінің күрделілігіне қарай арнайы нормаларды білу);
      нұсқамалардан;
      аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулардан;
      кәсіби біліктілікті арттырудан тұрады.
      7. Басқа мамандар, қызметшілер мен жұмысшылар – энергия қондырғыларына және басқа технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетумен байланысты емес қызметкерлер үшін, персоналмен жұмыс мынадай нысандарда жүргізіледі:
      нұсқамалар (кіріспе және қажет болған жағдайда, мақсатты);
      электр қауіпсіздігі бойынша сабақтар;
      аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар;
      кәсіби немесе арнайы біліктілікті арттыру.»;
      11-тармақ алып тасталсын;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді жүзеге асыратын ұйымның техникалық басшылары, мамандары білімді біліктілік тексеруден Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 тіркелген) Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына сәйкес өтеді.»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген қызметкерлерді қоспағанда, ұйым қызметкерлері білімді біліктілік тексеруден осы Қағидаларға сәйкес өтеді.»;
      мынадай мазмұндағы 33-1, 33-2, 33-3, 33-4, 33-5, 33-6, 33-7, 33-8, 33-9, 33-10, 33-11, 33-12, 33-13, 33-14, 33-15 және 33-16-тармақтармен толықтырылсын:
      «33-1. Білімді біліктілік тексеру үш негізгі түрге:
      1) бастапқы тексеруге;
      2) мерзімді (кезекті) тексеруге;
      3) кезектен тыс тексеруге бөлінеді.
      33-2. Білімді бастапқы біліктілік тексеру үшін ұйымдағы тиісті лауазымға қызметкерді қабылдау туралы немесе сол ұйымда тұрақты жұмыс орнынан басқа қызметке ауысу туралы ұйым басшылығының өкімдік құжаты (бұйрық) негіз болып табылады.
      33-3. Білімге мерзімді (кезекті) және кезектен тыс біліктілік тексеру жүргізу мерзімдері ұйымдар персоналының білімін соңғы тексеруден өткен күніне сәйкес осы Қағидаларда белгіленген мерзімдер шегінде белгіленеді және әр жұмыс орны есебінен ұйым басшысының тиісті шешімімен (бұйрығымен немесе өкімімен) ресімделеді.
      33-4. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру жүргізу үшін осы Қағидаларда білімге мерзімді біліктілік тексеру үшін белгіленген мерзімнің аяқталуы негіз болып табылады. Қызметкерлерге арналған білімге мерзімді біліктілік тексеруді тағайындау ұйымның техникалық басшысының (бұған өкілеттігі болған жағдайда, бөлімшенің) жыл сайынғы (он бесінші желтоқсанға дейін) бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұйрыққа білімі мерзімді біліктілік тексерілуге жататын ұйым адамдарының тізімі әрбір тексерілетін адамға мерзімі көрсетілген кесте жүзінде қоса беріледі.
      33-5. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру мерзімі:
      1) әкімшілік-техникалық персонал, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшылары мен мамандары (инспекторлары) үшін – күнтізбелік үш жылда кемінде бір рет.
      2) электр техникалық және электр технологиялық персонал үшін, соның ішінде жедел келіссөздер мен ауыстырулар жүргізуге құқығы бар басшылар мен мамандар үшін, сондай-ақ әкімшілік-техникалық персоналды қоспағанда, іссапарға жіберілген қызметкерлерге теңестірілетін және құрылыс-монтаждау, іске қосу-реттеу және жөндеу жұмыстарын (соның ішінде өлшеулер мен сынаулар) орындайтын қызметкерлер үшін – күнтізбелік жылда кемінде бір рет.
      33-6. Білімді бастапқы біліктілік тексеру лауазымға тағайындалғаннан кейін оқыту және тағылымдама аяқталған соң бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде немесе ұйымның техникалық басшысы бекіткен даярлаудың үлгілік немесе жеке бағдарламасында көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
      33-7. Білімді біліктілік тексерудің белгіленген мерзімінің өтіп кетуі қызметкерлерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес білімді біліктілік тексеруден өтуден босатпайды.
      33-8. Осы Қағидаларда белгіленген білімге біліктілік тексеру жүргізу мерзімінде дәлелді себептермен (ауыру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) келмей қалған жағдайда құжаттың растау кезінде білімге біліктілік тексеру жүргізудің көрсетілген мерзімі мерзімінде келмей қалу себебі болып табылған жағдай аяқталғаннан кейін техникалық басшының шешімімен күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
      Білімді біліктілік тексеруден өту мерзімі алты айдан астам өтіп кеткен жағдайда осы Қағидалардың 33-12-тармағының 1) тармақшасының нормалары қолданылады.
      33-9. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:
      1) электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу анықталған кезде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның нұсқама беруі;
      2) нәтижесі бойынша комиссия персонал тарапынан технологиялық бұзушылыққа, жазатайым оқиғаға әкеп соққан электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісін жасау;
      3) ұйымның техникалық басшысының шешімі;
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызмет (бөлім) қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы нұсқаулар оның шарттары болып табылады.
      33-10. Электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу анықталған кезде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның нұсқамасын беру арқылы білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін негіздерге:
      1) егер осы актілердің нормалары ұйым қызметкерінің қызметіне өзгерістер енгізетін болса, электр энергетикасы саласындағы жаңа құқықтық актілерді қолданысқа енгізу, электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      2) нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, электр қондырғыларында жұмыс істеген кезде персонал тарапынан жазатайым оқиғаға алып келген электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісі;
      3) нәтижесінде жабдықтың (электр қондырғыларының, ғимараттардың, құрылыстардың) бүлінуі, электр және жылу энергиясын өндіру, беру мен бөлудің, тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы орын алған ұйым персоналының, соның ішінде автоматика, релелік немесе технологиялық қорғаныс құрылғыларын реттеу бойынша қате іс-әрекеттерінің фактісі;
      4) жобалау, құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар кезіндегі персоналдың қате іс-әрекеттерінің фактісі;
      5) ұйымда электр энергетикасы саласында жұмыс істеу кезінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің техникалық басшылары, қызметкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;
      6) жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беру, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту кезінде, егер бұл ұйым қызметкерлерінің қызметінде өзгерістерге әкеп соқса, ұйымның техникалық басшысы шешім қабылдамаған кезде, оған қатысты бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;
      7) электр энергетикасы саласындағы сарапшы, жобалау ұйымдарының соның ішінде өзгерістер мен сынаулар бойынша зертханалардың (электр зертханаларының) мамандары тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы жатады.
      33-11. Технологиялық бұзушылықты тексеру актісінің нәтижелері бойынша білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:
      1) энергетикалық қондырғыларда жұмыс істеу кезінде комиссияның электр, жылу энергиясын өндіру, беру және тарату бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымның персоналы тарапынан комиссияның қауіпсіздік нормаларында жіберілген бұзушылықтарды анықтауы;
      2) электр энергетикасы саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар) орындау кезінде комиссияның бөгде ұйымдардың қызметкерлері, соның ішінде іссапарға жіберілген персонал тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықтауы негіздер болып табылады.
      33-12. Ұйымның техникалық басшысының шешімі бойынша білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін негіздерге мыналар:
      1) күнтізбелік алты айдан астам мерзім ішінде атқаратын лауазымында лауазымдық міндеттерді орындамау;
      2) егер бұл ұйым қызметкерінің қызметіндегі өзгерістерге әкеп соқса, жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беру, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту;
      3) ұйымның қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшылары, қызметкерлері тарапынан ұйымда электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау және шараларды қабылдау нәтижесінде;
      4) нәтижесінде еңбекке жарамдылықты уақытша немесе тұрақты жоғалту, кәсіби ауру не өлім басталатын, жеке тұлғалар (персонал) үшін жарақат, кәсіби ауру, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улануға әкеп соғатын электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу;
      5) осы Қағидалардың 33-8 және 33-15-тармақтарында көзделген жағдайлар жатады.
      33-13. Осы Қағидалардың 33-10 – 33-12-тармақтарында көрсетілген білімді кезектен тыс тексеруді тағайындау үшін негіздер толық және жан-жақты болып табылады.
      33-14. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру білімді мерзімді біліктілік тексеру мерзімдерін өзгертпейді.
      33-15. Осы Қағидаларда белгіленген білімді бастапқы немесе мерзімді (кезекті) біліктілік тексеруден өту мерзімдерін дәлелді себептерсіз бұзған, сондай-ақ өз біліктілігін растамаған адамдарға білімді кезектен тыс біліктілік тексеруден өту өткізілген немесе электр қауіпсіздігі бойынша тобын растамаған (алмаған) мерзімнен кейінгі күнтізбелік 30 күннің ішінде өту тағайындалады.
      Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру тағайындалған сәттен біліктілікті растау күніне дейінгі кезеңде адам электр техникалық емес персоналға теңестіріледі және атқаратын лауазымы бойынша қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді.
      33-16. Білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізген және біліктілік расталмаған жағдайда, адам басқа лауазымға ауысу арқылы электр техникалық емес персоналға теңестіріледі.»;
      3536 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Білімге біліктілік тексеру жүргізу үшін жыл сайын энергетикалық ұйым басшысының бұйрығымен Білімді тексеру жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі – Орталық комиссия) және қажет болған жағдайда Құрылымдық бөлімшелердің білімін біліктілік тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше комиссиясы) құрылады.
      36. Ұйым қызметкерлері білімді біліктілік тексеруден электр қауіпсіздігі бойынша төртіншіден төмен болмайтын рұқсат тобы бар төрт адамнан кем болмайтын құрамда құрылатын ұйымның Орталық комиссиясында өтеді.
      Орталық комиссия төрағасы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органда Білімге біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына сәйкес білімге тексеруден өткен адам тағайындалады.
      Ұйымның Орталық комиссиясының құрамына ұйымның техникалық басшылары және ұйымның еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) мамандары кіреді.
      37. Құрылымдық бөлімше комиссиясында білімге біліктілік тексеруден бөлімше басшысын қоспағанда, аталған құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері, сондай-ақ даярлау бағдарламасында осы бөлімше бойынша білімге біліктілік тексеру көзделген адамдар өтеді.
      Құрылымдық бөлімше комиссиясының құрамына осы бөлімшенің басшылары, сондай-ақ Орталық комиссияда білімге біліктілік тексеруден өткен және төрттен кем болмайтын шектес бөлімшелердің басшылары кіреді.»
      38 және 39-тармақтар алып тасталсын;
      41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Орталық комиссияның немесе Құрылымдық бөлімше комиссиясының шешімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімді біліктілік тексеру хаттамасы түрінде ресімделеді.
      Тексерілуші комиссия хаттамасымен қызметкердің біліміне біліктілік тексеру жүргізілгеннен кейін бір тәулік ішінде қол қойып танысады. Қызметкерлердің білімін біліктілік тексеру хаттамалары ұйымда кемінде үш жыл сақталады.
      Қызметкердің білімін біліктілік тексеру негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 тіркелген) Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Электр қондырғыларында жұмыс істеудің нормалары мен қағидаларын білуін тексеру туралы куәлікке (бұдан әрі – біліктілік куәлігі) жазба жасалады.»;
      42. Орталық комиссия (Құрылымдық бөлімше комиссиясы) құрылмаған ұйым қызметкерлері білімге біліктілік тексеруден энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптама жүргізуді және (немесе) электр энергетикасы саласында монтаждау-реттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың комиссияларында өтеді.»;
      мынадай мазмұндағы 42-1 және 42-2 тармақтармен толықтырылсын:
      «42-1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарда, электр және жылу энергиясын тұтынушыларда электр энергетикасы саласындағы энергетикалық сараптаманы жүргізетін ұйымдарда және (немесе) монтаждау-баптау жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарда құрылатын білімді біліктілік тексеру жөніндегі комиссиялар электр қауіпсіздігі бойынша төртіншіден төмен болмайтын рұқсат тобы бар кемінде үш адамнан тұратын құрамда құралады.
      Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 тіркелген) Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына сәйкес біліктілік тексеруден өткен адам тағайындалады.
      42-2. Осы Қағидалардың 42-1-тармағына сәйкес құрылатын Білімді біліктілік тексеру жөніндегі комиссия осы комиссия мүшелерінің біліміне біліктілік тексеруді жүзеге асырмайды.»;
      5051 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Қызметкерді қайталау ұзақтығы бастапқы тексеру кезінде – Орталық комиссиямен (Құрылымдық бөлімше комиссиямен) немесе жұмыстағы ұзақ үзілістен кейін (үш айдан алты айға дейін) – нысан (құрылымдық бөлімше) басшысымен белгіленеді.
      Қайта дайындалатын қызметкерлердің қайталау ұзақтығы төмендегілерден тұрады:
      жедел басшылар (кезекші диспетчерлер, кезекші инженерлер, ауысым бастықтары, аға машинистер және басқалар), қазандықтардың, турбиналардың, энергия блоктарының, гидробекітпелердің машинисттері, қазандық және турбина жабдықтары бойынша машинист-қараушылар, электр станцияларын басқарудың бас қалқанының электр монтерлері, жылу автоматикасы мен өлшеу цехының кезекші электр слесарлары үшін – он екі жұмыс ауысымынан кем емес;
      басқа лауазымдар үшін – екіден он екі жұмыс ауысымына дейін.
      Бағынышты персоналдың жұмыс орындарында жедел басшыларды қайталау ұзақтығы ұйымның техникалық басшысымен бекітілетін дайындау бағдарламасымен белгіленеді.
      51. Қайталау кезеңінде қайта дайындалатын қызметкер аварияға және өртке қарсы жеке мақсатты жаттығулардан өтеді. Жаттығулардың саны және олардың тақырыптамалары ұйым немесе құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен анықталады.
      52. Егер қызметкер қайталау уақыты ішінде жеткілікті жедел жұмыс дағдыларына үйренбесе немесе жаттығу кезінде қанағаттанарлықсыз баға алса, оның қайталауына жаңа мерзім тағайындалады және қосымша бақылау жаттығуы белгіленеді. Қосымша қайталау ұзақтығы негізгі қайталау мерзімінен аспауы тиіс.
      Қызметкердің дайындық деңгейі туралы және қайталауға жаңа мерзім тағайындау туралы шешімді қайталаушыны дайындау үшін жауапты адамның пікірін ескеріп, ұйымның (құрылымдық бөлімшенің) техникалық басшысы қабылдайды және осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген тәртіппен тиісті өкімдік құжатпен ресімделеді.
      Адам (қайталаушы) қайта қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, ол кейіннен еңбекті қорғау бөлімшесінің қатысуымен өтетін кезектен тыс білімін тексерумен қосымша оқыту жүргізу үшін құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.»;
      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «62. Жұмыс орнында нұсқама (бастапқы, қайталама, жоспардан тыс, нысаналы) аяқталғаннан кейін ауызша сұрау арқылы немесе техникалық оқыту құралдарының көмегімен материалды меңгергенін және қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері дағдысының болуы тексеріледі. Тексеруді нұсқаманы өткізген жұмыскер жүзеге асырады.
      Жұмыскер нұсқама материалдарын меңгермеген жағдайда нұсқамадан қайтадан өтеді. Қайталама нұсқамадан кейін материалды меңгермеген жағдайда, адам (жұмыскер) жұмысқа жіберілмейді және оған білімді кезектен тыс тексеру тағайындалады.»;
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      67. Кіріспе нұсқаманы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша қызмет (бөлімше) ішінен немесе осы міндеттер бұйрықпен жүктелген адам өткізеді.»
      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «73. Бастапқы нұсқаманы құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе осы міндеттер бұйрықпен жүктелген оны алмастырушы адам қауіпсіз еңбек тәсілдері мен әдістерін практикалық түрде көрсете отырып, әрбір жұмыскермен оның жұмыс орнында жеке жүргізеді.»;
      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «77. Әрбір құрылымдық бөлімшеде бөлімше басшылары барлық лауазымдар мен мамандықтар үшін қайталанатын нұсқамалар тақырыптарының жылдық тізбесін әзірлейді, оны бас техникалық басшы бекітеді.»;
      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «87. Дәлелді себептерсіз бақылау жаттығуларына қатыспаған адамдарға, өткізіп алған бақылау жаттығуларының күнінен саналатын күнтізбелік он бес күннен ерте болмайтын және отыз күннен кешіктірмей қосымша бақылау жаттығу тағайындалады.
      Бақылау жаттығуы материалын меңгермеген жағдайда, жұмыскер еңбекті қорғау қызметі өкілінің қатысуымен құрылымдық бөлімше комиссиясында білімді кейіннен кезектен тыс тексеру арқылы қосымша оқыту жүргізу үшін құрылымдық бөлімшеге жіберіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:
      «87-1. Өртке қарсы жаттығулар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 123 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10799 тіркелген) Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «95. Әрбір жұмыс орны ұйымның техникалық басшыларының бірімен жартыжылда кемінде бір рет, ал құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен – айына кемінде бір рет бақыланады.
      Энергетикалық объектінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлері, техникалық басшы айына кемінде он жұмыс орнын, ал құрылымдық бөлімшенің басшысы – аптасына кемінде он жұмыс орнын тексереді.»;
      осы Қағидаларға 1-қосымша осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы Қағидаларға 2-қосымша алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі              Қ. Бозымбаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ____________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы 20 шілде

Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің  
2016 жылғы 15 шілдедегі  
№ 322 бұйрығына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасының
энергетикалық ұйымдарында
персоналмен жұмыс істеу 
қағидаларына 1-қосымша 

Нысан

Білімді біліктілік тексеруге
ХАТТАМА №
Білімді біліктілік тексеру өткізу күні________

(Орталық/құрылымдық бөлімше) комиссиясы______________________________
       керектісін сызыңыз                          (ұйым атауы)
Төраға:______________________________________________________________
            (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Комиссия құрамы:_____________________________________________________
               (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
       (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Алатын жұмыс орнының және біліктілігінің көлемінде білімін тексеру
жүргізді_____________________________________________________________
          (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жұмыс орны,
                      лауазымы, мамандығы, дәрежесі,
_____________________________________________________________________
         электр қауіпсіздігі бойынша тобы, соңғы тексеріс уақыты)

Тексеру түрі:________________________________________________________
                  (бастапқы, қайталама, кезектен тыс, себебі)

Комиссия қорытындысы:
1. Электр қауіпсіздігі бойынша топ берілді – ________________________
2. Атқаратын лауазымына сәйкес/сәйкес емес – ________________________
3. Қайталама мерзімін белгілеу ____________ – ___________ ауысым
4. Қайталама тексерудің мерзімі______________________________________
Қосымша мәліметтер:__________________________________________________

Қолдары:
Комиссия төрағасы____________________________________________________
                  (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

Комиссия мүшелері_____________________________________________________________
                (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
            (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Комиссия қорытындысымен таныстым_____________________________________
              (тексерілетін тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған
                         жағдайда), қолы)