"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қосылған: 11 қазан 2016 11:55, Жаңартылған: 09 желтоқсан 2016 12:28

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 440 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
      14-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 57), 58) және 59) тармақшалармен толықтырылсын:
      «57) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшылығының актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады.
      58) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      59) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, бағалау және бақылау нәтижелері бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді».
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа қол қойғаннан кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ оған қол қойғаннан кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) бұйрыққа қол қойған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрық көшірмесін қоса бере отырып, Астана қаласы Әділет департаментіне хабарлауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

    Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        Қ. Бозымбаев