Басшылық

Қосылған: 05 қыркүйек 2012 06:43, Жаңартылған: 19 қаңтар 2017 11:53

 

Сұңғат Қуатұлы Есімханов

Лауазымы

Қазақстан Республикасы Энергетика мини стрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау бақылау комитетінің төрағасы

 

Білімі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (1996), мамандығы - бизнес және менеджмент; «Болашақ» институты (2007), мамандығы – заңгер.

 

Еңбек өтілі

«Қазақстан алюминийі» АҚ инженері, экономист-нормалаушысы, екінші дәрежелі экономисі (1996-2000);

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары (2001-2003);

Астана қаласы бойынша Жиынтық талдау және үйлестіру департаменті өңірлік бөлімшелері қызметін үйлестіру басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша Әкімшілік және аумақтық департаменті аумақтық, кадр жұмысы және мемлекеттік тілді дамыту және аударма басқармасының бастығы (2003-2004);

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Маңғыстау облысы және Қарағанды облысы бойынша департаментінің директоры (2004-2007);

Астана қаласы «Игілік групп-ХХI» ЖШС-ның қаржы директоры (2007-2008);

«Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары (2008);

Павлодар облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2008-2010);

«Қазақэнергиясараптама» акционерлік қоғамының Президенті (06.2010-08.2014);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы (08.2014 бастап).

 

 

 

 

Шаңғытбаев Абай Мұхтарұлы

 

Лауазымы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары

 

 

Білімі

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, факультет- Автоматика және басқару жүйесі, мамандығы – инженер-электрик

 

Еңбек өтілі

«БатысҚазЭнергия» РУ Оңтүстік электр желілері кәсіпорнының байланыс электр монтёрі, релелік қорғау және автоматика қызметінің инженері (1988);

«БатысҚазЭнергия» РУ Шығыс электр желілері кәсіпорнының релелік қорғау, автоматика және өлшеу инженері (1991);

ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің «Мемэнергқадағалау» ЗКРУ энергоинспекциясының инспекторы (1999);

«Ақтөбеэнергия» ААҚ Хромтау аудандық электр желілері учаскесінің бастығы, Өткізу департаментінің инспекторы  (2004);

Хромтау РЭС бастығы, «Энергосистема» ЖШС өндірістік-техникалық қызметінің бастығының орынбасары, өндірістік-техникалық қызметінің бастығы (2013);

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Мониторинг, аумақтық бөлімшелерді үйлестіру және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу басқармасының бас сарапшысы, Электр желілері мен тұтынушылардың электр қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармасының бастығы (2015);

ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары (2015);

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы  (2016);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2016 жылғы қарашадан).

 

Құрметті атақтары

Құрметті энергетик Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығы (2011);

ТМД Еңбек сіңірген энергетигі (2016).

 

Мемлекеттік наградалары

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2002).

 

 

Тимур Мифтахұлы Жантикин

 

Лауазымы

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары

 

Білімі

Новосибирск мемлекеттік университеті (1976), мамандығы – «Физика және қолданбалы математи­ка».

 

Еңбек өтілі

Қазақстан Ғылым академиясы Ядролық физика институтының аға лаборанты, инженері, кіші, аға ғылыми қызметкері (1976-1992);

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі бөлімінің бастығы, бас директорының орынбасары (1992-1995);

Қазақстан Республикасы ҒМ-ҒА жанындағы Атом энергиясы агенттігінің бас директоры (10.1995-03.1999);

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы комитетінің (Ғылым және жоғары білім министрлігі, 10.1999 бастап - МЭИТ, 12.2000 бастап - ЭМРМ) төрағасы (03.1999 бастап);

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы (03.2010-07.05.2012);

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы (22.05.2012-12.2013);

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары (12.2013 бастап)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2014).

Өзге лауазымы:

"Қазатомпром" ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (1999-2001);

Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Интеграциялық комитеті жанындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мүшесі.

 

 

Серғазин Ғұмар Екпінұлы

 

Лауазымы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары

 

Білімі:

Қазақ-Америка университеті, мамандығы – заңгер, (2008 ж.);

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, (2013 ж.)

 

Еңбек өтілі:

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы,  операциялық зал бастығының орынбасары, (2008-2011 жж.);

«БТА Банк» АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі), (2011 ж.);

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, (2011-2012 жж.);

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы, (2013-2014 жж.)

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы, (2014 ж.);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы, (2014-2016 жж.);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары, (2016-2017 жж.);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Төрағасының орынбасары, (2017 ж. қаңтарынан бастап).