Экспорт-Импорт

Қосылған: 29 қыркүйек 2015 16:45, Жаңартылған: 02 желтоқсан 2016 08:35

Қазақстанның экспорттық бақылау саласындағы қолданыстағы заңнамасы (заңдар мен қағидалар) тауарларға, ақпаратқа, жұмыстарға, қызметтерге, зияткерлік қызмет нәтижелеріне қатысты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру тәртібін іске асыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін білдіреді. Әлемдік тәжірибеде қарулану, әскери техника, әскери-техника саласында қолданылатын жұмыстар, қызметтер зияткерлік қызмет нәтижелері, атом энергиясын пайдалануға байланысты жабдықтар мен материалдар, әскери және азаматтық мақсатта қолданылатын тауарлар мен қос мақсатты технологиялар электрондық бақылау объектілері болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті өз өкілеттігіне сәйкес коммерциялық мақсатта беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық емес сипатта беруді қамтитын атом энергиясын пайдалану саласында тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асырады. 

 

Бақылаудың бағыттарының бірі иондаушы сәулелену көздері мен изотопты өнімдерді қоса алғанда экспорт пен импортқа лицензия алуға арналған өтініштерді, сондай-ақ өнімдердің транзитіне рұқсатты келісу болып табылады.  

 

Экспортқа және (немесе) импортқа берілетін лицензиялар үшінші елдерге де Кеден одағының ішінде де тауарларды алып өту үшін ресімделеді.

 

Экспорт пен импортқа лицензия алуға арналған өтініштерді, сондай-ақ транзитке арналған рұқсаттарды келісу белгіленген үлгідегі өтініштер және экспорт жолдарын жан-жақты бағалау және өнімді ақтық пайдаланушының сенімділігі негізінде жүзеге асырылады. Жекелеген санаттары үшін алынатын өнімді бейбіт мақсатта пайдалану туралы ядролық қаруға ие емес елдерге экспорттау кезінде құзыретті мемлекеттік органдары тарапынан растаудың болуы қажет.

 

Лицензиялар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлеріне лицензиялары бар заңды және жеке тұлғаларға ғана беріледі («Лицензиялау» сайты бөлімін қараңыз).

  1. «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 300 заңы 
  2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы
  3. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 қаулысы
  4. «Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысы
  5. «Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы №578 қаулысы (экспорт пен импортқа лицензияның және өтініштің бланкілерінің нысандары бөлігінде)
  6. «Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 949 бұйрығы
  7. «Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығы
  8. «Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығы
  9. «Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 632 бұйрығы
  10. «Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 631 бұйрығы

     

Өтініштердің бланкілерін осы жерден көшіріп алуға болады