Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялау

Қосылған: 29 қыркүйек 2015 16:36, Жаңартылған: 27 наурыз 2017 10:18

 

Қазақстан Республикасының атомдық энергия мен радиациялық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнамасы (заңдар, нормалар, ережелер) атомдық энергияны қолдану кезіндегі мүмкін болатын зиянды әсерден адамдарды және қоршаған ортаны қорғау бойынша, ядролық қаруды таратпау тәртібін сақтайтын шараларды орындау бойынша талаптар қояды.

Лицензиялау ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің қолданыстағы нормалары мен ережелерін сақтауды бақылаудың, қауіпсіздкті мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып табылады, ол ел азаматтарының өмірін, денсаулығын, меншігін, қоршаған ортаны қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажет.

Лицензия – бұл ұйымның атомдық энергияны қолдану саласындағы жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету қабілетін растайтын құжат. Ядролық қаруды таратпау тәртібін сақтау бойынша шаралар саласында лицензия ядролық материалдарды қолдануға құқық береді, олардың дұрыс есебін жүргізудің, физикалық қорғанысты ұйымдастырудың, Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларына сәйкес ядролық импорт және экспортты жүзеге асырудың ұйым қабілетін растайды.

Атомдық энергияны қолдану саласындағы лицензиялауға қатысты қызмет түрлері 2014 жылғы 16 мамырдың №202-V «Рұқсаттар мен хабарландырулар туралы» ҚР Заңына қосымша-1, 17-26 баптарында анықталған.

Лицензияны алудың тәртібі мен рәсімі Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 мамырдағы №122 «Атомдық энергияны қолдану саласындағы қызмет үшін квалификациялық талаптар және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізімі» бұйрығымен анықталған.
ҚР ЭМ Атомдың және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті атомтық энергияны қолдану саласындағы қызметтердің түрлеріне лицензияларды (ҚР Үкіметі нің  2015 жылғы 23 сәуірдегі №274 қаулысына сәйкес) беруге құзыретті лицензиар болып табылады.

Лицензиялау және аттестаттау басқармасының телефоны:  8 (7172) 50-30-77.

 

 

Лицензия түрлерінін регламентпен стандарттары

 

1

«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру»

Регламент

Стандарт

2

«Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

Регламент

Стандарт

3

«Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

Регламент

Стандарт

4

«Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру»

Регламент

Стандарт

5

«Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру»

Регламент

Стандарт

6

«Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

Регламент

Стандарт

7

«Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу»

Регламент

Стандарт

8

«Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

Регламент

Стандарт

9

«Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу»

Регламент

Стандарт

10

«Ядролық және радиоактивті қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

Регламент

Стандарт